Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досаев қызметінен кетуге өтініш берді

Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан кеңесте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қызметінен кету туралы өтініш берді.

досаеввв

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Досаев Ұлттық экономика министрі болып  2014 жылдың алтыншы тамызында тағайындалған еді.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда дүниеге келген. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Ол осыған дейін Қазақстан премьер-министрі кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы, Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, Денсаулық сақтау министрі қызметтерін атқарған.

Мемлекет басшысының  2013 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалған.

Ал 2014 жылдың алтыншы тамызынан бастап күні бүгінге дейін Ұлттық экономика министрі болды.

Талқылау