Дос Көшім: Жер үшін көшеге шыққан жігіттерге алғыс айтуымыз керек

Жексенбі, 3 Шілде , 2016 12:10

Қызылорда облысында өткен Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның кезекті отырысында саясаттанушы Дос Көшім жер мәселесі қызып тұрғанда көшеге шыққан азаматтарды комиссия жұмысына тарту қажеттігін жеткізді,- деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

көшім

«Мен осында көшеге шыққан жігіттердің келіп сөйлегенін қалар едім. Өйткені Президент айтты ғой, жерге жаны ашитын адамдардың бәрі келсін деп. Ең бірінші, сол алаңға шыққан жігіттердің сөзін тыңдауымыз қажет. Неге шықты олар? Қандай мәселе көтерді? Не жандарына тиді? Біз емес, ең бірінші солар сөйлеуі керек және біз соларға рақмет айтуымыз қажет. Мынандай комиссияның құрылғанына. Осындай комиссия құрылып, заңға мораторий жарияланды. Соны жасаған жаңағы жігіттер. Егер біз үйімізде отырғанда, жоңғарлар бәрімізді үстімізден басып өтер еді. Маңғыстаудан бір-ақ шығатын еді. Егер біз желтоқсанда үйде отыра берген уақыттарда кеңес өкіметінің іргесі шайқалмайтын еді. Үйде отырғаннан мәселе шешілмейді», – дейді Көшім.

Саясаттанушының айтуынша, халықтың көңілінен шықпайын заң қабылданса, ел қайтадан көшеге шығуы әбден мүмкін. Сол себепті алдымен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, халықтың әл-ауқатын көтеріп алған жөн. Барлық қиыншылықтардан өткеннен кейін реформаларды жасауға болады. Онсыз қазіргі жағдайымыз «тышқан ініне кіре алмай жүріп құйрығына қалжуыр байлайдымен» бірдей.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Дамира says:

    Жер мәселесі көп елде қантөгіспен аяқталса, біздің елде мәдени түрде комиссия құрылып, әр адам өз ойын ашық білдіріп жатқаны қуантады

  • Лейла says:

    Жер үшін жанын қиюға дайын болған азаматтарымызға тек алғысымызды білдіреміз, бірақ бұл мәселенің митингпен емес осы комиссия арқылы шешіліп жатқаны қуантады

  • Шара says:

    Бұлай бір жақты айтуға да келемес. Халық пен билік өзара түсіністі дер едім.

  • Анонимно says:

    жарайсын

  • Асыл says:

    Естидим айтканын, бояушы, бояушы дегенге сакалын бояйдынын керин келтирди бул. Елди арандаткысы келе ме. Республикалык комиссия мушеси болып алып, онысы неси?!

  • Анонимно says:

    Дос ағамыз жасасын! Халық үшін өз жанын беретін азамат. Ұрпақ үшін жерді, бүкіл еншімізді сақтап қалмасақ немене жер басып жүрміз. Шіркін үкімет басына шын патриоттар келсе ғой. Тілін білмейтін мəңгүрт түлкілер отыр..

  • Анонимно says:

    Досым агамыздай елдин Жан айкайын тындап сойлетин агаларымыз аман болсын

  • Самғат says:

    “Жер сатылмасын!” деп қарсы болдық бәріміз

  • Адай жеменей says:

    Досекең дұрыс айтады əзірге осы комиссия тарапынан жөні бар сөз айтатын осы кісі

  • Анонимно says:

    Митинггиге шыктым оз ойымды еш жерде айта алмай кетип едим комиссияга шакырса куана катысамын…

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар