Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Допинг қолданды деген қазақстандық жеңіл атлет спорттан аластатылды

Жеңіл атлетика халықаралық федерациясы (IAAF) қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Сопрунованы антидопингтік ережені бұзғаны үшін 4 жылға спорттан аластатты.

photo_75879

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Допинг сынамасынан қаңтар айында өткен қазақстандық спортшының қорытындысы оң нәтиже берген. Ал бір ай өткен соң жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында бөгеулері бар 60 метрді еңсеріп, алтыннан алқа тағынған болатын.

Талқылау