Допинг дауына іліккен Алексей Полторанин қазақстандықтардан кешірім сұрады

Австрияда тұтқындалып, артынша босатылған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин допинг дауына қатысты пікір білдірді. Өз сөзінде спортшы қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Алексей Полторанин

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Австрияда тұтқындалғанынан бір апта өткеннен кейін Полторанин мәлімдеме жасады. Ол ешқашан допинг қолданбағанын айтты.

«Ешқашан допинг қолданған емеспін. Әлем чемпионатында тыйым салынған затты бір рет қолданып көргім келді. Алайда, Құдайға шүкір, бұл ойымды жүзеге асырмадым және сол үшін қуанамын. Мен елімізге жеңіс сыйлап, жанкүйерлерімді қуантқым келді. Болған жайт үшін өкінемін және барлық спортшыдан, спорт сүйер қауымнан, ел басшылығынан және халықтан кешірім сұраймын», - дейді шаңғышы.

Таяуда аталған допинг дауына қатысты тың мәліметтер пайда болды. Австриялық БАҚ мәліметінше, Германияда спорт дәрігері Марк Шмидт тұтқындалған. Оның үйінен қатырылған қан құйылған 40 пакет табылды. Сараптаманың көмегімен бұл қандардың қай спортшыларға тиесілі екенін анықтауға болады. 

Еске сала кетсек, Алексей Полторанин допинг дауына іліккен еді. Бұған дейін оның тұтқындалғаны хабарланды.

Халықаралық шаңғы федерациясы допингке қарсы ережелердің бұзылуына қатысты даулы істің тергелуіне байланысты Алексей Полторанинді спорттан уақытша шеттетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр