Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді

Дональд Трамп жуық арада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге ниетті екенін мәлімдеді.

1133573

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, жуық арада онымен кездескісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен АҚШ президенттері жұма күні телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Назарбаев Трампты сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтады.

«Трамтың айтуынша, Назарбаевтың басшылық етуімен тәуелсіздік жылдары Қазақстан ғажап жетістіктерге қол жеткізді», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның ядролық қарусыз әлем жолындағы күресті халықаралық қоғамдастықпен бірлесе жалғастыратынын айтты.

Д.Трамп бұл ұстаныммен толықтай келісетінін жеткізді.

«Жаһандық деңгейде шешілуге тиіс ядролық қарусыздану мен оны таратпаудан асқан маңызды мәселе жоқ», – деді АҚШ-тың сайланған президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трамптың назарын Ресей мен Америка ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік беретін басты үш салаға аударды. Олар: терроризммен күрес, Украинадағы дағдарысты реттеу және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту.

Ресей президенті В.Путинмен болған телефон арқылы сөйлесу қорытындысын ескеріп, АҚШ-тың сайланған президенті Вашингтон мен Мәскеу ынтымақтастығын дамытудың перспективасына өзінің зор оптимизммен қарайтынын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен Американың достық қарым-қатынасын, соның ішінде сауда-экономикалық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге әзір екенін мәлімдеді. Әңгімелесу соңында АҚШ-тың сайланған президенті барша Қазақстан халқына республика тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында игі тілегін жолдады.

Жіберіп алмаңыз:

Айсұлтан Назарбаев Елбасыдан футбол федерациясы басшысының қызметін сұрамағанын мәлімдеді

Елбасы бейнеленген банкнот 1 желтоқсанда айналымға шығады

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді (фото, видео)

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға америкалық демократияны енгізуді негізсіз деп тапты

Талқылау