Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп мұсылмандарға қарсы көзқарасы үшін ең жоғары дауыс жинады

Монмут университетінің мамандары жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Дональд Трамптың мұсылмандарға қатысты жанжал тудырған пікірінен кейін оған дауыс беру көрсеткіші 41 пайызға артқан.

pic_435d665e298e7f7a2ce2e8622360066d (1)

Сурет авторы: Brian Snyder

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды.

Америкалық кәсіпкер Дональд Трамп Респубиликалық партия атынан президенттікке үміткерлердің ішіндегі ең атақтысы. Оның бәсекелесі, Техас штатының сенаторы Теда Крус – 14 пайыз дауыс жинады. Флорида сенаторы Марко Рубио 10 пайызбен үшінші орында тұр. Бена Карсон мен Флориданың экс-губернаторы Джеб Буш 9 пайызбен төртінші орынды алған.

Сауалнама 10-ы мен 13 желтоқсан аралығында өтті. Оған өзін республикалық не тәуелсіз дауыс беруші ретінде санайтын 385 адам қатысқан.

Қазан айының аяғында Трамп Республикалық пратия жақтастарының арасындағы ең танымал үміткерлік бойынша екінші орынға түсіп қалған болатын. Әлеуметтанушылардың пікірінше, бұрынғы нейрохирург Бен Карсон 26 пайыз дауыспен бірінші орынды алған. Дональд Трампты ол кезде тек жақтастарының 22 пайызы ғана қолдаған болатын.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсан күні мұсылмандардың АҚШ-қа өтуіне “Жалпылай және толық тыйым салынсын” деген пікірін айтқан болатын. Ол “Біз жағдайды толық түсінбейінше және бізге төнген қауіпті анықтамайынша, еліміз тек жихадқа сеніп, адам өмірін құрметтеуді білмейтіндердің құрбанына айналмауы керек” деген еді.

Саясаткердің бұл пікірі АҚШ президенті әкімшілігінде үлкен дау тудырып, Ақүйде оны сайлаудан алып тастауын талап еткен.

Бұған дейін Дональд Трамптың мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеуі туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.

Талқылау