Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп КСРО-ның құлауының себебін атады (видео)

АҚШ президенті Дональд Трамп КСРО-ның құлауына Ауғанстандағы соғыс себеп болғанын мәлімдеді.

Дональд Трамп

Трамп бұл туралы 2 қаңтарда Fox News телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ресей Кеңес Одағы болды. Оны Ресей еткен – Ауғанстан. Себебі олар Ауғанстанда соғысып жүріп, шығынға ұшырады», – дейді АҚШ басшысы.

Сонымен қатар ол талибтерден төнген лаңкестік қатер үшін осы соғыс науқанын бастағанда, Мәскеудің дұрыс қадам жасағанын атап өтті.

Сондай-ақ, Трамп Ауғанстандағы жағдайды АҚШ-тан бөлек, Ресей, Үндістан және Пәкістан бақылап отырғанын айтты.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау