Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп айына 1 доллар жалақы алатын болды

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзіне белгіленген қымбат жалақыдан бас тартты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

b382cef27044d07c218296ccfe26c734

“Мен заң бойынша тым құрығанда 1 доллар алуым керек екен. Демек, мен ай сайын 1 доллар айлық аламын”, – деді саясаткер.

Forbes журналының бағалауынша президенттің байлығының құны 3,7 миллиард долларға бағаланады екен. Осылайша Трамп жалақыдан бас тартқан АҚШ тарихындағы үшінші президент болып отыр.

Еске сала кетсек, 8 қарашада өткен сайлау қорытындысы бойынша Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті болып сайланды. Ол қызметіне ресми түрде қаңтар айында кіріседі.

Оқи отырыңыз:

Ақ үйдің фотографы Обаманың қарапайымдылығын паш ететін суреттерді жариялады (фото)

Сауд Арабиясының королі күллі әлемді таңқалдырған бұйрыққа қол қойды

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Эстрада жұлдыздары баласын соққыға жыққан безбүйрек ана туралы пікір білдірді

Талқылау