Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Домбырашы Айгүл Үлкенбаева: Мәселе сыйлықтың көлемінде болуы мүмкін емес

Айгүл Үлкенбаева отандық бағдарламалардың бірінді өзінің соңғы жаңалықтарын бөлісті. Мұнымен қатар, өзі алған ең қымбат сыйлық туралы сөз қозғады. Домбырашы үшін сыйлықтың көлемі мен бағасы аса маңызды рөл атқармайды екен.

5ee47fb06415b4a17e20825a22b9e90c

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Сізге сыйланған мәртебесі жоғары сыйлық қандай болды?

– Сыйлықтың кез келген түрі жақсы. Мәселе ешуақытта сыйлықтың көлемінде болуы мүмкін емес. Бастысы, сол сыйлықты ұсынған адам оны шын көңілімен берсе болғаны.

– Ұлттық аспапты ұлықтап жүрген жанның бірісіз. Күйші деген атқа иесіз. Қазір өкшеңізді басып жүрген сіңілдеріңіз бар ма? Жалпы осы ұлттық аспапты ұлықтап жүрген жастар бар ма?

– Олжас Сүлейменовті айта аламын. Ол президент ансамблінде жеке солист болып өнер көрсетіп жүр. Өзі өте жақсы күйші. Жарас Сатыбалдиев те қазір концертмейстрдің орынбасары қызметін атқарып жүр. Ол да – жеке сахнадан көрініп жүрген жастардың бірі. Шәкірттерімнің ішінде тағы Қадыршат, Ержан Жәмеңкейов, “Жадо” тобындағы Абзал бар. Барлығы да сол сахнаның төрінде жүр.

– Сізге “Менің қызымды жеке өзің үйретші, өзің тәрбиелеші” деп жиі хабарласатын шығар?

– Қазір өнер адамдарының барлығы дерлік өнер мектебін ашып жатыр. Өзімді соның бастаушысының бірімін деп айта аламын. Менің студиямды ашқаныма 11 жыл болды. Бұл – ата-аналардың қолқасы, сұранысының нәтижесі. Шүкір, оқушыларым көп, жақсы келеді.

– Еліміздің түкпіріне ән өнері барғанымен, күй өнері жетпей жатады. Алдағы уақытта осыны қолға алып, ел аралауыңыз мүмкін бе?

– Мен осы уақытқа дейін гастрөлдік сапармен ауылдарды араладым. Осындай концерттерге үлкен кісілер жиі келеді. Соңында ризашылықтарын білдіріп, бата береді. “Айқай-шудан шаршап, осындай концерттерді сағынамыз” деп те айтып жатады. Әрине, біз одан қашпаймыз. Халықпен жақын араласу – өнер адамдарына қажет нәрсе. Өнерлі болғаннан кейін, ел аралап, өзіңнің көрермендеріңмен қауышып, қолдау тауып, қошеметін есту – үлкен мерей.

– Өнер адамдарына балаларының есімін қойдыртып, аузына түкіртіп, тұсауын кескізіп жатады. Осындай жиі кездесетін шығар сізде?

– Иә, болады. Ауызға түкіріп, тұсауын да кескем. Қазақ өзі ырымшыл халық қой. Ат аунаған жерінде түк қалады демекші, бәрін ырымдайды.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандар “Ерке мен Төреғали бірге демалып жатыр” деп болжады (видео)

Жазира Байырбекова туған бауырларын көрсетті (фото, видео)

Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанда ату жазасын қолдауға шақырды

Ернар Айдар: Намаз оқыса да, ата-анасын сыйламайтын жастар бар

Талқылау