Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Домбырада ойнағанда өзімді жақсы сезінемін": Төсін жалаңаштап танылған модель енді домбырамен шықты

Төсін жалаңаштап танылған модель Динагүл Тасова домбырада ойнайтынын айтты. 

"Адам ретінде үнемі бағалана бермейміз. Ешкім өзгенің жандүниесіне қарамайды. Тек қалай киінгенің, қалай сөйлейтінің, қайда демалғаның, қайда қыдырғаның, әке-шешең кім екені, қайда оқып, қайда туғаның маңызды.

Бүгін таңғы асқа не жедің. Кешкісін қайда түнедің? Қыдыруға мүмкіндік болды ма? Басқалар үшін нені құрбан еттің? Оны тек ішіміз біледі. Онда не болып жатқанын өзімізге ғана аян. 

Бұл менің ішкі менім. Мен өзімді тек осы аспапта жайлы сезінем. Бұл менің ең алғашқы және соңғы махабатым", - деді Тасова желіде қолына домбыра ұстап тұрған суретін жариялай отыра.

Желі қолданушыларының бірі мұны жақсы бағалады. Енді бірі қарсы пікір жазды. 

"Бәрекелді. Жарайсың. Нағыз қазақ - домбыра", "Өзіңнің небір қырларың бар екен", "Домбырада ойнайтынын білмедім", "Төсі жалаңаш қыз қалайша домбыра ұстайды екен", "Алдымен етек-жеңді жинау керек емес пе?", "Қай атаңнан көрдің әйелдің талтайып домбыра ұстағанын?" - дейді желідегілер. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр