Доллардың қымбаттауы зейнетақы қорындағы қаражатқа қауіп төндіруде

Доллардың қымбаттауы зейнетақы қорындағы қаражатқа қауіп төндіруде. Сондықтан, көк қағаз есебінен пайда тауып жатқан мұнай компаниялары көмек қолын созсын! Парламент депутаттары осылай деп дабыл қағуда.

Экономистер болса қордағы қаржыға халық тарапынан бақылауды күшейту керек деседі. Өйткені, халықтың жылдар бойы жиған-тергені талан-таражға түсіп жатыр. Мәселен, биыл Зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге коммерциялық банктерге берілмек. Ал қаражат иесі халық не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қарапайым жұрт есіл еңбегін қанша дауласа да оның нәтижесі жоқтың-қасы. Бұған мемлекеттің қарауында бола тұрып, қолды болып жатқан миллиардттар себеп. Халықта ол қаражатты басқаруға мүмкіндік жоқ. Өз үлесін мерзімінен бұрын да ала алмайды. Өйткені, бәрі қарттық кезеңнің қамы үшін. Дегенмен халықтың қамын ойлаған депутаттар бұл жолы Үкіметке тосыннан бір ұсыныс жасады.

«Банкте депозиті бар кез келген азамат, теңге әлсіреген тұста, жинағын долларға ауыстырып белгілі бір қауіп-қатерден өзін сақтандыра алады. Ал зейнетақыда олай емес. Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банк қор қаражатына кепілдік беруі тиіс. Сонда ғана халықтың жиған-тергені мен ел экономикасына деген сенімі нығая түспек» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров.

Мәжілісменнің айтуынша, Үкімет зейнетақы қорындағы қаржыны сақтап қалу үшін доллардың бағамынан пайда көріп отырған мұнай компанияларының мүмкіндігін пайдалануы тиіс. Бұл бастаманы бірқатар депутат қолдап отыр.

«Бұл мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды. Тиісті органдар да қол қусырып отыруға болмайды. Халық қандай жағдай болмасын, зардап шекпеуі керек» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов.

Ал экономистер болса, зейнетақы қорына халықтың бақылауын күшейту керектігін айтады. Өйткені, ондағы жинаққа бүгінде әркім ауыз сала бастаған. Әрі жаман әдет ретінде қалыптасып келеді. Тіпті, халық коммерциялық банктерді «асырай бастаған». Себебі, Үкімет пен Ұлттық банк биыл қордағы 200 млрд теңгені банктерді сауықтыруға жұмсап отыр.

«Зейнетақы халықтың ашасы болғаннан кейін, халықтың бақылауы болуы керек. Бірақ, сол қоғамдық бақылауға білікті маман, қаржы туралы түсінетін комиссия мүшелері халықтық бақылау жасап, кеңес беріп, айтып тұратын пікір болуы керек» – дейді экономист Сапарбай Жұбаев.

Сарапшының сөзіне сенесек, мемлекет банктерді осымен алтыншы рет құтқарып отыр. Бұл әдет осыдан он жыл бұрын пайда болған. Ол жолы атышулы БТА банкіне 1 трлн 200 млрд теңге жұмсалған еді. Ал қазір Зейнетақы қорындағы бар жинақ 8 трлн теңгеден асады. Осылайша, мөлшері жыл сайын бір триллионға артып отырады. Сондықтан, мұндай жайттарға шектеу қоятын уақыт жетті дейді сарапшылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар