Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар қайтадан 380 теңгеден сатылып жатыр

Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы $1 үшін 379,81 теңге болды.

доллар

 

Бұл туралы ҚазТАГ жазды.

Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 7,01-ге өсті.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 379,5 – 380,5 теңге аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $35,1 млн болып, жасалған мәміле 39 болды.

Сол арада Алматы мен Астананың айырбас нүктелері АҚШ валютасын 380 теңгеден сатуда деп хабарланды kurs.kz сайтында.

Талқылау