Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар қайтадан 340 теңгеден сатылып жатыр

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,66 (+6,28 тенге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 249 000 (+125 000 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.

kurs-dollara-na-segodnya-podnyalsya-vyshe-300-tenge_1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 371,10 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 200 мың (- 50 мың USD) еуроны құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 51,4700 теңгені құрады, ұсыным – бір юаньға 51,5000 теңгені құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Талқылау