Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар бірден 4,5 теңгеге қымбаттады

Теңге тағы құнсызданып жатыр. Кеше қор биржасында доллар бағамы 330 теңгеден асып кетті. Осылайша, бір күнде 2 теңгеге әлсіреді, деп хабарлады КТК.

1445509865x5k7h_1000x768

Ал сарапшылар бағам бұдан да жоғары болады дейді. Бір айта кетерлігі, қазір теңге құнын жоғалтып жатқанымен, қара алтын бағасы қымбаттауда. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 52 долларға дейін көтерілген. Бірақ мұны сарапшылар уақытша құбылыс деп отыр. Яғни, мұнайдың тағы арзандауы күтілуде. Айта кетсек, қазір еуро құны да едәуір көтерілген. Жыл басында арзандаған бұл валюта, сәуірден бастап қайтадан өз қалпына келе бастады.

Доллар бүгін, 2 тамыз күні,  4,5 теңгеге қымбаттады. KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша  АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,53 (+4,46 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 217 700 мың USD (+185 400 мың USD) құрады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 29 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының курсы айырбас нүктелерінде орта есеппен 339 теңгеге дейін көтерілді. Максималды түрде 340 теңге. Айырбас орындарында доллар орта есеппен 335 теңгеге тең.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда қытайларға қызмет көрсететін элиталық жезөкшелер ұсталды (фото, видео)

Алматыда көз жұмған бойжеткенді жігіттердің алып қашпағаны белгілі болды

Ақтөбеде баспанасы бір сәтте өртеніп кеткен көпбалалы отбасы далада түнеп жүр (фото)

Талқылау