Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар бағасы тағы көтерілді

KASE таңертеңгілік сессиясында  1 АҚШ доллары – 355,52 теңге болды. Бұл доллар үшін бұрын соңды болмаған баға. Көптеген айырбастау орындарында АҚШ доллары тіптен жоқ. Айырбастау нүктелеріндегі баға 360 теңгеге жеткен.

Доллар бағасы тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 355,52 (+3,64 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі –

50 400 (+3 000 мың USD) мың АҚШ долларын құрады. Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сауда-саттық жабылар сәтте бір юаньға сұраным 53,4400 теңгені құрады, ұсыным  – бір юаньға 53,450 теңге болды.

«Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді», делінген Қор биржасы таратқан хабарламада.

Талқылау