Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Dolce & Gabbana тұңғыш рет хиджабтар топтамасын шығарды

Әлемнің атақтылары да, қарапайым халық та кеңінен пайдаланатын Dolce & Gabbana бренді тұңғыш рет хиджаб пен Abayas киімдерінің коллекциясын шығарды.

20160108174436

 

Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі хабарлайды.

20160108174432

Осылайша, дизайнер Доменико Дольче мен серіктесі Стефано Габбана Таяу Шығыс елдеріндегі нарыққа арнап, хиджаб пен мұсылман қыз-келіншектер көп киетін Abayas киімінің коллекциясын тіккен.

Таяу Шығыс елдерінің халқы «Lux» дәрежесіндегі дәстүрлі тауардан тапшылық көріп отырған қарқынды дамушы нарық. «Абая коллекциясы: Таяу Шығыстағы таң қаларлық талғам» атты коллекция ақ-қара түсті әдемі хиджабтардан, сондай-ақ, 2016 жылдың жазы мен күзінде сән болатын лимон,  түймедақ, раушан түстес маталардан тігілген сәнді абая көйлектерден тұрады.

20160108174445

Коллекция қаңтар айынан  бастап Таяу Шығыс елдеріндегі, сондай-ақ, Париж, Лондон, Милан қалаларының брендті бутиктерінде сатылып жатыр. Италияның сән үйі жүргізген зерттеуге сүйенсек, 2013 жылы мұсылман тұтынушылар киім мен аяқ киімге 266 млрд доллар жұмсаған екен. Яғни, сарапшылар, мұсылман елдерінің дәстүрлі нарығын табысты нарық ретінде бағамдап отыр.

20160108174452

20160108174455

20160108174458

20160108174449

Талқылау