“До-Мажор” тобының экс солисі ажалдан аман қалды

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 13:23

Бір кездері әнші Сәкен Майғазиев құрған “До-Мажор” тобының экс солисі Ермек Мұқашев аты жаман ауруға шалдығып, үш жылдық үзілістен кейін қайта оралды.

image

Фото: saz-alemi.ru

Өнерге ғана емес, өміге қайта оралған жігіттің жаңалығы көп. Ол бірнеше жыл қатарынан тамағына түскен қатерлі ісіктен емделген. Денсаулығына немқұрайлы қарап, асқындырып та алған.

“До-Мажор тобы бөлінер кезде, қатерлі ісік ауруына шалдықтым. Ұзақ уақыт гастрөлдік сапарда жүріп, байқамай да қалыппын. 4-5 айдың ішінде асқындырып та үлгердім. Қаламыздағы қай емхана екенін айтпай-ақ қояйын. Сол емханаға бір апта уақыт қаралдым. Менен барлық анализді алса да, диагноз қоя алмады. Соңында операция жасайтын болды. Жаман жағдай болып қалса, өздерінің жауап бере алмайтындарын айтып, құжатқа қол қойдырды”, – дейді Ермек Мұқашев “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Емханаларға барып әбден табан тоздырған Ермек өмірден күдерін үзе бастаған шақта Франциядан келген қарияға жолығады.

“Бірінші Алланың арқасы, екінші осы кісі себепкер болды. Алты айдың ішінде емдеп жазды. Айтқандарын бұлжытпай орындап отырдым”, – деп әнші осы уақыт ішінде отбасына көңіл бөле алмағанын өкінішпен еске алды.

Ермек өмірге құлшыныспен қайта оралып, өнерде “дүмпу” жасау ниетімен “Арман айым” атты әніне жаңа бейнебаян түсірген. Мұнымен қатар, көптеген ән жаздырып, олардың қайсысына бейнебаян түсіретінін жоспарлап қойған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар