Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«До-мажор» тобының экс-әншісі айт күні қымбат көлігін ұрлатты

«До-мажор» тобының экс әншісі Ермек Мұқашевтің 10 млн теңге тұратын көлігі ұрланды, деп жазды Stan.kz.

до-мажор

Ермек Мұқашев айт мерекесі күні көлігінен айырылып қалды. Әншінің «BMW 740» маркалы темір тұлпары 25 маусым күні кешкі сағат 21.30-да жоғалған.

«Мен Момышұлы мен Ұлықбек көшесінің қиылысындағы «Береке» деп аталатын мейрамханаға ән айтуға келген болатынмын.

Мойындау керек, асығып жүріп кілтті көліктің ішінде қалдырып кетіппін. Және артқы терезесі ашық қалып, арам пиғылды адамдардың көзіне түсті деп ойлаймын. Әйтпесе, бұзақылар осынша көліктің қатарынан менікін қалай байқап қояды?» -дейді Ермек Мұқашев.

Айту керек, Ермек мырза судай жаңа темір тұлпарын бір апта бұрын 10 млн теңгеге сатып алған. Қымбат көлігінің «қызығын» көріп үлгермеген әнші сол сәтте-ақ полицияға арыз жазыпты.

«Өкінгеннен не шара. Полицияға арыз жазып қойдым. Әлі хабар жоқ. Айт күні осындай күнаға батқан адамдарға таң қаламын. Қалай десе де, адам емес темір ғой жоғалған. Табылмаса Алладан қайтар. Бірақ ішім қатты күйді.

Теріп-жинағанымның бәрін осы көлікті сатып алуға жұмсаған едім. Жаңағы ұрылар менің 3 жылдық еңбегімді ұрлап кетті десем артық айтқаным емес»-дейді әнші.

Әнші алғашында көлігінің ұрланғанына сенбеген. Жолдастарының бірі «әзілдеп, тығып қойған» болуы мүмкін деп те болжапты. Өкінішке қарай, Ермек Мұқашевтің қымбат көлігі ұрланыпты.

Оқи отырыңыз:

Израиль армиясында борышын өтеп жүрген сұлу қыздар (фото)

Бұрынғы миллионер 20 жылдан бері елсіз аралда өмір сүріп келеді (фото)

Жүктілігінің 5 ай болғанына қарамастан модельдің сымбаты сол күйі сақталған (фото)

Азиялық сұлу шын жасын айтып әлемді таңқалдырды (фото)

Ресейдің бір облысын түгелдей қар басып қалды (фото)

Талқылау