Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландиннің жейдесі 1,5 миллион теңгеге сатылды

Бурабайдағы қайырымдылық бәссаудасында 200 метр қашықтыққа жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі 1 миллион 450 мың теңгеге сатылды.

20160811083950

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Футболканы иеленген жас жігіттің есімі Гурам.

Винченцо Нибалидің Джиро д’Италияда жеңіске жеткен Джерсиі де сондай бағаға – 1 миллион 450 мың теңгеге бағаланды. Оны Дархан Қалетаев сатып алды. Д.Қалетаев Нибалидің «Астана» велокомандасындағы соңғы маусымын өткізіп жатқанын, сол себепті футболканың бірегей екенін атап өтті.

Бәссауда әлі де жалғасады. Ол биыл төртінші рет өтіп жатқан қайырымдылық веложарысынан кейін басталады. Жыл сайынғы веложарысты Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ұйымдастыруда.

Жіберіп алмаңыз: 

Дмитрий Баландин алдағы 4 жылдағы жоспарымен бөлісті

Дмитрий Баландин жүзушілер командасын құруды армандайды

Дмитрий Баландиннің оқытушысы оның сабақ үлгерімі жайында айтып берді

Баландин жеңісіне көпке дейін сене алмаған

Талқылау