Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландин: әлем біріншіліктерінде ештеңе ұтқан емеспін

Олимпида чемпионы Дмитрий Баландин Олимпиада алтынынан асқан марапат жоқ екенін, алайда бүған дейін әлемдік бәсекелерде алдыңғы қатардан көріне алмағанын мойындады.

Screenshot_2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Олимпиада алтынынан үлкен марапат жоқ. Олимпиада ойындары – ең ірі жарыс, менің ең жоғарғы бастамам. Алайда ең биік шың осы екен, енді ештеңе керек емес деп тоқтап қалуға болмайды. Әрдайым алға ұмтылу керек, бағындырар жаңа белестер іздеу қажет», – деп жазды Олимпиада чемпионы инстаграмдағы парақшасында.

Сонымен қатар, ол әлем чемпионатына дайындалатынын мәлімдеді. Баландин Олимпиада чемпионы атанғанымен, бұған дейін әлем біріншіліктерінде үздіктер қатарынан көрінбеген.

«Әлем рекордын жаңартуға, әлем чемпионатына ұмтылу қажет. Себебі әлемдік бәсекелерде мен әлі ешқандай жетістікке жеткен жоқпын. Әлем рекордын жаңарту үшін біраз еңбектену қажет. Сондай-ақ, екі дүркін Олипиада чемпионы атануға мүмкіндік бар, тағысын тағы… Рио Олимпиадасында жеткен жетістігім – бағындырар белестерімнің тек бастамасы болады деп үміттенемін, соған сенемін», – деп түйіндеді сөзін Баландин.

Желі қолданушылары Баландинге жылы лебіздерін арнап, сәттілік тіледі.

«Әлі жассың, бәрі алда», «Фелпстің рекордын бұз», «жарайсың», «сен біздің мақтанышымызсың», «тек қана алға», – деп жазды желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Дмитрий Баландиннің жейдесі 1,5 миллион теңгеге сатылды

Дмитрий Баландин алдағы 4 жылдағы жоспарымен бөлісті

Дмитрий Баландин жүзушілер командасын құруды армандайды

Дмитрий Баландиннің оқытушысы оның сабақ үлгерімі жайында айтып берді

Талқылау