Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландин алдағы 4 жылдағы жоспарымен бөлісті

Рио Олипиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 2020 жылы Токиода өтетін келесі Олимпиадаға белсенді түрде дайындалуды жоспарлап отыр.

12700986
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Менің жоспарымда Токио Олимпиадасына дайындық еніп отыр және сол дүбірлі додада лайықты нәтиже көрсетуге тырысамын. Ал енді басқа қашықтықтарға тоқталатын болсам, осы ретте жүз метрліктегі жарыста өзімді шыңдауға ниеттімін. Сонымен қатар 50 метрге де дайындаламын. Сондықтан жұмысты жандандырып, өзімді жетілдіріп, алдағы жарыстарда тағы да жеңіске жетуді мақсат тұтып отырмын»,-деді Д. Баландин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейро қаласының Олимпиадалық жүзу орталығында өткен жарыста 200 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша Олимпиада чемпионы атанды. Оның көрсеткіші – 2:07.46 минут.

Жіберіп алмаңыз: 

Дмитрий Баландин жүзушілер командасын құруды армандайды

Дмитрий Баландиннің оқытушысы оның сабақ үлгерімі жайында айтып берді

Баландин жеңісіне көпке дейін сене алмаған

Алматылықтар Дмитрий Баландинді үлкен құрметпен күтіп алды (фото)

Талқылау