Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландин үшінші рет қатарынан әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Қазақстандық жүзгіш, олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Будапеште су спорты түрлері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды.

3a7c006a-8b2c-4098-b6d9-38e680f7182e

200 метрге брасс әдісі бойынша жүзуден іріктеу кезеңінде іркілмеген Баландин, жартылай финалда жақсы нәтиже көрсете алмады. 200 метрді 2:09.69 уақытта жүзіп өткен ол 6-шы орында иеленсе, жалпы есепте 13-ші болып келді. Ал әлем чемпионатының алтыны үшін күресті әрі қарай үздік сегіз спортшы жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, алматылық спортшы 50 және 100 метрге брасс әдісі бойынша жүзуден де сәтті өнер көрсете алған жоқ. Бұл қашықтықтар бойынша Баландин іріктеу кезеңінен әрі аспаған. Әлемдік доданың алдында ол Болгария ашық чемпионатына қатысып, екі алтын, бір қола еншілеген еді.

Оқи отырыңыз:

Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Сұлулардың түн ұйқысын ұрлаған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жайлы не білеміз?

Майк Тайсон бала күнінде сексуалды зорлықтың құрбаны болғанын мойындады

Акуламен жүзіп жарысқан Майкл Фелпс жеңіліс тапты (видео)

Талқылау