Дизайнер Жадо күйеуінің тоқал алуына рұқсат бергенін айтты

Сәрсенбі, 9 Қараша , 2016 12:38

Сән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген танымал қазақстандық дизайнер Жадоны (Жадыра Сахиева) жұрт бай, бақуатты әйел ретінде таниды. Оның өмірде жолы болған, ата-анасының, одан кейін күйеуінің тұрмыстық жағдайы жақсы болғандықтан да халық Жадоны өмірде еш қиыншылық көрмеген ерке қыздар санатына жатқызады. Алайда шындығында мүлдем олай емес болып шықты.

55588877777

Бұл туралы 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтылды.

Жадо 10 жасынан бастап жұмыс істеп, 12 жасында ата-анасына пәтер алып берген. Бала күнінде қуыршақтың не екенін білмей өскен танымал дизайнер ол үшін ата-анасына ренжімейді. Қиыншылықтың бәрін артта қалдырып, бойжетіп, сүйікті адамына тұрмысқа шыққаны үшін өзін бақытты санайды бүгінде. Алайда Жадо өмірлік жолдасын өзге әйелдермен бөлісіп жүргенін мойындады. Тіпті, оған өзі рұқсат беріпті.

Танымал дизайнер Салтанат Қалиеваға берген сұхбатында басынан өткерген қиыншылықтары туралы сыр шертті. Назарларыңызға аталмыш сұхбаттан үзінді ұсынамыз.

– Жадо, қазіргі уақытта дизайнер ретінде танымалсың. Бірақ кезінде қоюшы-хореограф болғаныңды көрермендердің бірі білсе, бірі білмейді. Сол туралы айтып берсең…

– Жадыра Сахиевадан Жадо жасаған ол би. Билеп жүріп, костюм тігіп дизайнер болдым. Білесіздер, 90-жылдарда өте қиын болды. Мен 10 жастан бастап кішкентай бүлдіршіндерге би үйреттім. 11-12 жасымда 700 балаға сабақ бердім. 12 жасымда әке-шешеме пәтер сыйладым.

– 12 жасар қыз әке-шешесіне қалай пәтер алып береді? Бидің арқасында ма?

Бидің арқасында.

– Сонда айлығың қанша болды?

– 10 жасымда билеп жүргенімді көрген ата-аналар өздері ұсыныс жасады. «Бишісіз, мүмкін біздің балаларымызға да би үйретерсіз» деді. Үйретіп көрейін деп 1-сынып оқушыларынан бастадым. Олар мектептің атынан байқауға қатысып, 1-орын алып келді. Содан кейін облыстық, қалалық байқаулардан 1-ші орын алып келді. 1 жылдан кейін қарасам 100 баладай тәрбиелеп жүр екенмін. Өзім оқимын, өзім билеймін, тағы сабақ беремін. Үлкен сөмкем болатын. Оны үйге әкеліп анама беріп қоятынмын. Іші толған ақша екен, өзім де білмеппін. Есімде, айына әр баладан 300 теңгеден алатынмын. 500-700 баладан есептеп көріңіз. Бір ата-ана ақшаны жинап беретін. Сонда кішкентай қызбын, мектептен жаяу қайтатынмын. Өйткені ақшаны үнемдейтінмін. Жыртық шұлықпен жүрген кездерім де болды. Мол қаражат тауып, үй алып, жер алдық, содан кейін үш бөлмелі пәтер, көлік алдық. Құдайға шүкір, дүниені жасадық. Бірақ мен әркез өзімді өзгелерден кем сезінетінмін. Бір киімді үш жыл киетінмін, сол себепті жыртық киіммен жүретін күндерім де болған. Қазір сұрасам, анам жауап бермейді. Жалаңаяқ билеп, ыстығым 40 градусқа дейін көтерілген кезде де анамның: «Жоқ, алдымен билейді, содан кейін барып ауруханаға жатады», – деп айтқаны есімде.

Мектепке анам жолға беретін ақшаны жаратпай, тамақ ішпей, ақшамды жинап аяқ киім алатынмын. Бұл кезеңнің екі жағы бар дер едім. Бір жағынан қарасаңыз, әке-шешемнің жағдайы жақсы болды, ал екінші жағынан маған ол кісілер қатігездік танытты.

– Неге?

– Соны түсінбеймін. Мүмкін үйдің үлкені болғаннан кейін шығар.

– Анаң бала кезіңде үлкен қатігездік танытты. Оның да бір себебі бар шығар…

– Ол кісінің ата-анасы ерте қайтыс болған. Отбасында қалған 8 бала бөтен адамның қолында өскен.

Бүгінде көпшілік Жадоны бақуатты, әке-шешесі мен жолдасы бай, өзі ерке, аспанға түкіріп жүреді деп ойлайды. Бірақ мен 24 жылдан бері тынымсыз жұмыс істеп келемін. Балам құрсақта болған кезде де 9 ай бойы жұмыс істегем. Украинаға жүктіліктің 8-айынан 9-айына қараған шағында бардым. Ол кезде Маңғыстауда филармонияда директордың орынбасары қызметін атқардым.  Аман-есен жұмысымызды атқарып, ұшаққа отырған кезде толғақ басталып, су кетті. Ақырында ұшақтан тікелей перзентханаға алып кеткен. Босандым, соның өзінде үш күннен кейін шығарып алды. Ақтаудан хабарласып, шұғыл жұмысқа шығуымды сұрады. Үш күндік баланы қолыма алып, жұмысымды атқарып жүрдім. Өмір бақи жұмыс істеп келе жатырмын.

– Артыңнан жүгірген жігіттер көп болды ма? Неліктен күйеуіңді таңдадың?

– Болды жігіттер. Ал күйеуім балаларды қатты жақсы көрді. Мен қаттымын, сол себепті маған осындай ер азамат керек деп шештім. Одан бөлек, ол кісінің мені ешқашан тастамайтынын білдім. Баланы сүйген ер азамат, қанша әйел алып жатса да, қанша қыдырып жатса да, ол кісі шаңырағына қайтып келеді. Бізде де өмірде қиындықтар болды.

– Кеткен кездері болды ма?

– Кетпеді. Бірақ еркек болғаннан кейін… Өзім де: «Жаным-ау, жүрсеңіз де білдіртпей жүріңіз», – деп айтатынмын.

– Бірақ біліп қойған сәттеріңіз де болған сияқты ғой?

– Болды. Маған звондап, қыздар келіп менімен төбелескен күндер де болды. Екіқабат күйімде төбелестім. Меніңше, ондай жағдай барлық отбасының басынан өтеді. Бірақ ол кісіге ешқашан ұрысқан жоқпын. Әрқашан да қрпағы көбейсін деп ойлайтынмын. Өйткені текті ер азамат.

– Сонда басқа әйелдерде сенің күйеуіңнен бала бар ма?

– Бар. Мен рұқсат бердім. Жанұясы бар, олармен де араласып тұрамыз.

– Тоқалы бар ма?

– Бар.

– Сен рұқсатыңды бердің?

– Иә. Осы уақытқа дейін жолдасым туралы айтып көрмеппін. Өзінің басқа қалада жанұясы бар. Ол кісіні өте жақсы көремін, сыйлаймын.

– Сенбеймін, алдайтын сияқтысың…

– Шын, рас айтамын.

– Бәлкім сен күйеуіңе соншалықты ғашық болмаған шығарсың?

– Жоқ, мен ол кісіні жақсы көремін, сыйлаймын, ғашықпын. Мен ол кісіні жақсы көргендіктен де осындайға барып отырмын.

– Ер азаматтардың басқа әйелдерге баруының, тоқал алуының себебі неде?

– Біз қазақтың балалары көбеюі керек деп айтамыз. Осылай айта тұра, біздің ер азаматтарымыз басқа ұлттың қыздарын алып жатады. Немесе қыздар басқа ұлттың ер азаматтарымен өмір сүріп жатыр. Сол кезде қызғанар едім. Неге басқа ұлттың әйелі оған бала дүниеге алып келеді? Қазақтардың көбейгені дұрыс, бірақ тек қазақтың ер азаматтарынан. Егер қолымнан 7-8 бала дүниеге әкелу келгенде, әрине, мүмкін рұқсат бермес едім. Денсаулығыма байланысты көп балалы бола алмаймын. Ендеше неге басқа әйелдер дүниеге бала алып келмеске? Алып келсін.

– Қанша баласы бар?

– Екеу.

– Неліктен көп балалы бола алмайсың?

– Жалпы басында-ақ дәрігерлер маған мүлдем бала туа алмайсың деген.  Бірақ күйеуімді жақсы көргендіктен, парызымды өтеу үшін ештеңеге қарамастан дүниеге бала алып келдім. Әр алып келген сайын бір өліп бір тірілетінмін. Соған қарамастан, екі балалы болдым.

– Қателеспесем, тағы бір балаң болуы керек еді…

– Иә, біз Ақтауда аналар туралы «Кәусар» атты кинофильм түсіргенбіз. Кинода жасанды түсік, баласын тастап кеткен аналар жайында айтылады. Мағынасы сондай болғандықтан ба білмеймін… Ол кезде жүктіліктің алты айлық мерзімінде едім. Күндіз-түні жұмыс, өзім бас продюсер болғаннан кейін режиссердің сұрауы бойынша азаннан кешке дейін жүретінмін. Бір күні түсірілім аяқталған соң бәрі көгеріп кеткенімді айтты. Емханаға барған кезде ішімдегі баланың шетінеп кеткенін білдім.

– Қанша уақыт жүргенсің?

– Төрт күндей жүріппін. Тағы үш күн жүрсем, мен де кетер едім. Баланың жүрегі жарылып кеткен деді.

– Өкінесіз бе?

– Өкінбеймін, өйткені тағдырым осы. Ол түсірген фильміміз келесі жылы жарыққа шығады. Соны көрген кезде не үшін ондай құрбандыққа барғанымды түсінесіздер.

– Балаң шетінеп кеткен кезде күйеуің кінәлаған жоқ па?

– Жоқ. Ол кісі «өзің аман болсаң болды» деді.

Жіберіп алмаңыз:

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Нұржан Керменбаев ұлының тұсауын кесіп дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Адамбай кино залында аяғын көтеріп отырған ересек әйелдің мәдениетсіздігіне ашынды

Желіде Қайрат Нұртастың отбасының суреттері пайда болды (фото, видео)

Актер Аманғали Сыпабеков алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар