Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Диснейлендте” жоғалып кеткен бала үшін төрт бірдей қолтырауын өлтірілді

“Диснейлендте” қолтырауын сүйреп әкеткен екі жасар баланы іздестіру жұмыстары барысында, төрт бірдей жыртқыш су жануары өлтірілді.

alligator-47570419

Сурет rus.delfi.lv

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Ұзындығы екі метрге жуықтайтын қолтырауын кезіккенімен, баланың табылар түрі байқалмайды. Іздеу жұмыстары 10 сағаттан бері жалғасуда.

14 маусым күні Walt Disney World ойын-сауық саябағы аумағында қолтырауын екі жасар баланы өзенге сұйреп әкеткен еді. Оның ата-анасы су жануарының шабуылына куә болған. Әкесі баланы құтқаруға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Оның өзі бірнеше жерден жарақат алған.

Walt Disney World Resort саябағы 1971 жылы ашылған. Аумағы 100 шаршы метрді құрайтын саябақ ішінде қонақүйлер, дүкендер, мейрамханалар мен кафелер бар.

Талқылау