Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Disney студиясы гейлерге қарсы заң шығарған Джорджияға байкот жарияламақ

The Walt Disney компаниясы мен еншілес Marvel Studios студиясы Джорджия штаты билігі дін бостандығын қорғауға байланысты гейлерге қарсы заңды күшінде қалдырса, аталған штатқа байкот жариялауға дайын екендіктерін айтты.

img_1307_med

Сурет ourhomeontheroad.com

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

“Disney мен Marvel бірнеше рет Джорджияда бірнеше мәрте фильмдер түсірді. Егер, олар гейлерге қарсы заңды қабылдайтын болса біз аталмыш штат аумағында жұмыс істеуден бас тартамыз”, – делінген студияның ресми хабарламасында.

Джорджияда өткен аптада қабылданған заң жобасы түрлі конфессия діни қызметкерлерінің біржынысты жұппен үйлену тойын жасауына қарсылық білдіреді. Сондай-ақ, бұл заң бойынша әртүрлі діни ұйымдарға ЛГБТ-қауымдастығына мүше адамдар қабылданбайды. Егер, бұған штат губернаторы Натан Дил қол қоятын болса, заң өз күшіне енбек.

Талқылау