Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Disney компаниясы лесби ханшайым кейіпкерін шығара ма

ЛГБТ құқығын қорғаушы белсенділер кинематографтардан экраннан бір жыныстылардың қатынасы жайлы сюжеттер көрсетуді талап етті. Олардың айтуынша, былтырғы жылы Голливудта шыққан фильмдердің аз ғана бөлігі ЛГБТ кейіпкерлерін ретінде көрсеткен.

160504145445_frozen_figures_624x415_afp_nocredit

Сурет: bbc.com

Бұл талап 17 жастағы Исабель Монкадо есімді бойжеткеннің Твиттер парақшасындағы бастамасымен бір уақатқа сәйкес келді. Ол диснейлік «Тас жүрек» сиквелінде Эльза кейіпкерінің «сүйікті құрбысы» болсын деген талабын айтқан.  #GiveElsaAGirlfriend хэштегін мыңдаған адам қолдаған.

Америка студиясында былтырғы жылы шыққан блокбастерлер арасында 22 лентаның 17,5%-ы бір жынысты кейіпкерлерді көрсеткен.

Алайда, сарапшылар Disney туындыларының аудиториясы ауқымды болғандықтан, ондай қадамға дайын емес деп есептейді.

Әлемге танымал «Гарри Потер» туындысында ЛГБТ кейіпкері бар, алайда, эпопеяның өзінде ол туралы жазылмаған.

Атақты анимациялық «Симпсоны» фильмінде Вэйлон Смитердің көмекшісі болып гомосексуалды кейіпкер ойнайды.

Disney балалар аудиториясына арналғандықтан, оларға бұл өте радикалды қадам болып отыр. Әлем елдері бәрі бірдей мұндай көріністері қабылдамайтыны сөзсіз. Ресей комментаторлары басты кейіпкер ханшайым лесби болады дегенде жағаларын ұстаған.

«Меніңше, кейіпкерді лесби етіп көрсету Disney компаниясының маркетинг саясатына қарсы», – дейді кинематограф.

Ресейде балаларға арналған туындыларда біржынысты кейіпкерлерді көрсетуге 2013 жылы қабылданған заң бойынша (кәмілетке толмағандар арасындағы дәстүрлі емес жынысты қатынас) тыйым салынған.

Бұл заңға сәйкес 18 жасқа толмаған балалар арасында гомосексуализм жайлы ақпарат таратқандарға айыппұл салынады.

Аталған заңға бір жыныстылар құқын қорғаушылар тарапынан қарсылық білдірген еді.

Талқылау