Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дипломмен ауылға: Ақтөбе облысының тұрғыны әкімдіктегі кадр бөлімін алдап соққан

Ақтөбе облысындағы ауыл тұрғыны жалған дипломмен әкімдікке қызметке орналасып алған, деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеп Stan.kz.

Әлімбет ауылының тұрғыны ауылдық әкімдікке бас маман қызметіне жұмысқа орналасар алдында кадр бөліміне «Есеп және аудит» мамамедығы бойынша диплом ұсынған.

«Ол Қарғалы ауданындағы ауыл әкімдігінде қыркүйек айына дейін дұмыс істеп, мұнан кейін денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан кетті. ҰҚК департаментінің арнайы тексерісі барысында маманның дипломы жалған екені анықталды», – деп хабарлайды басылым.

Келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сотта өз кінәсін мойындады.

Оның сөзінше, ол Жұбанов атындағы универсиетте «Психолог» мамандығы бойынша білім алып жатқан кезде оған бейтаныс әйел келіп, «Есеп және аудит» мамандығына оқуға түсуді ұсынған.

Студент келісіп, бейтаныс әйелге жыл сайын 175 мың теңге беріп отырған. Мұндағы соманың 60 мың теңгесі екі сессияны жабу үшін болса, қалған 110 мың теңге – оқу ақысы. Ол ақшасын төлеген бойда сынақ кітапшасына «жақсы» және «үздік» деген бағалар қойылған.

2009 жылы келіншек психолог мамандығы бойынша білімін тәмамдаған. Ал 2010 жылы бейтаныс әйел «Есеп және аудит» мамандығы бойынша екінші дипломды ұсыныпты. Әйел жалған құжат үшін жалпы сомасы 720 мың теңге төлеген.

Сот әйелдің 3 баласы бар екенін ескеріп, оған 113 450 теңге (50 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтарға Францияда тегін білім алуға мүмкіндік беретін  «Abai-Vern» стипендиясы тағайындалды

Ақмола облысында күйеуі азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып қашып кеткен

Ақтөбедегі автобус өрті: Полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр

Талқылау