Дінмұхамед Қонаев 7-сынып оқып жүргенінде бір адамды ажалдан құтқарып қалған

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 18:15

Дінмұхамед Қонаевтың көпшілік біле бермейтін бір өкініші қалды. Бұл жайлы оның естеліктерінде жазылған.

8d851285efc10fd3ef23b15de1b05838

Димекең Алматыдағы №14 мектепте білім алған. Жоғары сыныпта оқып жүрген кезіндегі бір оқиғаны орыс тілі пәнінен берген Анна Павловна Шурова деген ұстазының естелігінен оқыдым. «Бір күні Димаш сабаққа екі сағат кешігіп келді. Сынып жетекшісі шыдамсыздықпен Димашты ұстаздар бөлмесіне алып келді. Димаш «Екінші қайталанбайды» деп кешірім сұрады да, кетіп қалды. Бір айдан кейін Максимилиян Крутов деген Азамат соғысының ардагері келіп: «Сіздерде Қонаев деген бала оқи ма?» – деді. «Бірдеңе бүлдіріп қойды ма?» – деп елең ете қалдық. Ана кісі болса «Сіздер жақсы азаматтар тәрбиелеп жүрсіздер. Мен сіздерге ризашылығымды білдіруге келдім.

1a91b6dcf93ebe71c51e6408fd9bc2e4

Қонаев мені ажалдан алып қалды. Талмам ұстап, өзеннің жағасында құлап жатқан жерімнен емханаға алып барды. Ол бала болмаса, мен сіздердің алдарыңызда бұлбұлша сайрап тұрмас едім. Сол баланы осында алып келсеңіздер», – деген өтінішін айтты. Келген соң Димашты құшақтап: «Құдай саған денсаулық берсін! Сен бақытты адам боласың», – деп маңдайынан сүйді. Сол кезде Димекең бар-жоғы 7-сынып оқушысы болған екен.

Димекеңнің: «Түсті металдар институтында оқып жүргенімде Оралдағы шахтаға барып, Павел Савельевич деген шиеттей бала-шағасы бар кісінің үйінде жаттық. Ашаршылық жылдары болатын. Сол кісі бір бөлке нанды балаларының аузынан жырып бізге берген еді. Алғашқы еңбекақымды алсам, әлгі кісінің балаларына тамақ, киім салып жіберем деуші едім. Арада екі-үш жыл өткеннен кейін, сәлемдеме жәшігімен киімдер, тамақтар салып жібердім. Алған-алмағаны маған беймәлім, ол жаққа қайта жолым түспеді. Барып хал-ахуалын білмедім, балаларына бір шапағатым тимеді. Соған мойнымның жар бермегеніне өкінемін», – деп жүрегі ауырушы еді.

Серік Әбдірайымұлы

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО тұрғындары қайынағасының күйеубаласын автобекетте ұрып өлтіргенін айтуда

Дариға Назарбаеваның жұлдызды сыңары табылды (фото)

Мұрынсыз туылған сәбидің қылығы көптің жүрегін елжіретті (фото)

Жігіті өзін түрмеден шығарған бойжеткенді тастап басқаға үйленіп кеткен

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып өлтірді

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар