Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Діни басқарма: Өзім үшін бір бала туып аламын немесе асырап аламын деп мансап қуатын қыздарымыз бар

Күйеуі жоқ, бала таппаған әйелдер бақытты. Ұлыбританиялық ғалымдар зерттеу жүргізіп, осындай байламға келіпті. Мамандардың пайымынша, күйеуінің көзінше үндемегенімен, көптеген келіншектер оған тұрмысқа шыққан соң өкінетін көрінеді.

qyzdar

Кейінгі жылдары біздің қоғамда да: "Отбасылық өмір қайда барады? Алдымен өзім үшін өмір сүру керекпін!" дейтін нәзік жандыларды жиі кездестіруге болады. Шетелдік ғалымдардың бұл тұжырымы қаншалықты рас? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Тұрмысқа шық! Шықтың ба, бала тап! Босанған соң үйде отыр!". Қалампыр алдағы өмірінің дәл осындай сценариймен өрбуіне түбегейлі қарсы. Бойжеткен алдымен барлық арман-мақсатын іске асырып алмақшы. Содан кейін барып отбасылық өмір жайлы ойланбақ.   

"Тұрмыс құрған әйелдер тек отбасы, ошақ қасында қамалып қалатын сияқты, менің ойымша. Қазіргі кезде еркектер әйелдерін үйінен шығармайды, ештеңе істетпейді. Бала туып, тамағын істеп қана отыру керек. Біз әйелдер өз таным-түсінігіміз бойынша, бөлек әлемде өмір сүреміз. Яғни, бізге де еркектермен тең дәрежеде болу керек. Жұмыс істеп, оқып, ата-ана үмітін ақтау керекпіз", дейді қала тұрғыны Қалампыр.

Тұрмыс құру-құрмау әр азаматтың жеке таңдауы. Психолог Құбажай Шампетова әйелдер қауымында "отырып қаламыз ба" деген қорқыныштың барын айтады. Сондықтан барынша жұмысын ілгерілетуді ойлайды екен.  

"Қыздармен сөйлескенде олар ойлайды: тұрмысқа шыққанда менің құқығым бұзылып, маған анда-мында барма деп айтуы мүмкін" дейді. Сондықтан мен алдыма қойған мақсатыма жетіп алып, сосын тұрмыс құрайын деп. Мен ойлаймын тұрмыс құрған әйел бақытты. Оның өмірі қандай болса да, бала сүйген әйел бақытты", - деді психолог Құбажай Шампетова.      

Тиынның екі жағы барын ескере отырып, елордалық қыз-келіншектер не айтар екен деп пікірілерін білдік. 

"Дүниеге бала әкеліп, жар бақытын көріп, өніп-өскен ақша тапқаннан дұрыс деп ойлаймын".

"Қыздың міндеті - ана атану, жар атану, бала сүю ғой. Карьера қуғандарды түсінбеймін негізі. Қазір тұрмыстамын, шүкір бақыттымын!".

"Егер екі таңдау тұрса мен бірінші тұрмысқа шыққан әйелдің өмірін таңдайтын едім. Өйткені, сен тұрмысқа шығып-ақ карьера қуа аласың. Ал карьера қуып кетсең, әрі қарай тұрмыстық жағдайың қалай болады? Мен білмеймін!" - деді қыз-келіншектер.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Ағабек Қонарбайұлы "бір баланы кейін өзім үшін табамын, болмаса асырап алуға да болады ғой" дейтін қаракөздердің бары жасырын емес дейді. Жасы келген қыздың тұрмыс құруы жайында Құран кәрімде де, Пайғамбардың хадистерінде де айтылған екен.  

"Алланың жаратылысына, әміріне қарсы шығу, бұл - адамды үлкен дағдарысқа әкеліп соғады. Адамды жаратқан Алла Тағала, адамға не қажет екенін толық біледі. Біз білмейміз! Біздің санамыз, ақыл, ой өрісіміз шектеулі. Алланың даналығы шексіз! Сондықтан Алланың даналығына шек келтіру адамды жамандыққа итермелейтін нәрсе", - деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.        

Мамандар тұрмыс құру мен жұмысты бірге алып жүру екі кеменің құйрығын қатар ұстаумен тең еместігін қыз-келіншектер түсінсе екен дейді. Оқыған, еңбек еткен, саяхаттаған, әрине, дұрыс! Бірақ нәзік жандылар бұл істерін тындырамын деп жүріп уақытының қалай өте шыққанын байқамай қалмаса болғаны. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр