Динара Сұлтан кенже ұлының тұсауын кестірді 

Әнші Динара Сұлтан да көпбалалы аналардың қатарында. Өнер иесі былтырғы жылы бесінші перзентін өмірге әкелген болатын. Ал күні кеше ол 1 жасқа қадам басқан ұлының тұсауын кестірді, деп жазады Stan.kz.

Динара Сұлтан кенже ұлының тұсауын кестірді

Динара бұл күні кенжесі Мәдиге ұлттық киім кигізген. Сондай-ақ, өзі де ұлттық нақышта көйлек киді.

"Кеше Мәди ұлымыздың тұсау кесер тойын үй ішімізбен атап өттік. Қадамы оң болсын.  Әр ата-ананың тілегі "балам аман болсын" деп тілейді. Біз де сол ең бастысы балаларымыз аман-есен өсіп, адам болып кетсінші дейміз. Тұқымы жақсы, әпкелері, ағасы қасында, тәрбие берер мама папасы, әжелері әрдайым жанында. ИншАллах. Айтпақшы, Мәди микрофон таңдады. Мәди деп әжесі атын бекер қоймаған, арғы атасына ұқсасын деп қойған шығар, бастысы денсаулық балапаным!" - дейді Динара. 

Айта кетейік, Динараның күйеуі Ерлан Қожасбай меценат, өзінен 17 жас үлкен. Екеуінің ортақ некесінен үш қыз, екі ұлы бар. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр