Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан туған сіңлісінен жұлдыз жасамақ

Шоу-бизнесте ағайынды жұлдыздар жетерлік. Көбінесе жанұяның бір мүшесі танылғаннан кейін, ізінен ерген іні-сіңлілерін сахнаға ертіп шығады. Бұл жолы әнші Динара Сұлтан сіңлісінен жұлдыз жасамақ.

Динара Сұлтан туған сіңлісінен жұлдыз жасамақ

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Динараның сіңлісі Венера Қоскельдиева өнерден құр алақан емес. Жастайынан әнші болуды армандаған бикеш бүгінде Атырау өңіріне танымал әншілердің бірі. Алайда талай байқауға қатысып, сахна төріне шыққан Динара бауырының елге танылғанын қалайды. Өйткені Динараның ойынша, Венера соған әбден лайық.

“Сіңлім Венера Атырау қаласында өте танымал. Енді Қазақстанға танылуы керек. Сол себепті Алматыға жиі шақырамын. Енді-енді Алла қаласа келетін шығар деп үміттенемін. Тырысу үстіндеміз”, – дейді Динара Сұлтан.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау