Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан бауырларын күйеуі мен балаларынан артық көретінін мойындады

Әдетте әйел заты үшін ең бастысы, оның жанұясы, жары мен балалары деп жатады. Алайда Динара Сұлтан бұл пікірмен келіспейді. Себебі өнер иесі үшін бауырлары әркез бірінші орында, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Динара Сұлтан

“Мен үшін ең бастысы  – менің жанұям, менің сіңілерім, менің бала-шағам, сүйген жарым, менің ата-анам, бүкіл туыстарым. Қалған нәрсе ол маңызды емес. Менің ең бірінші бауырларымды қойған себебім: әрине, әр біреуіміздің бала-шағамыз бар Венера, кішкентай Маржан мектеп оқушысы. Бірақ бізді үлкендер – ешқашан, қандай жағдай болса да, бауырыңды тастама деген. Ертелікте шайқас кезінде, бір батыр атпен қашайын деп тұрып, не бауырын не әйел, бала-шағасын бір атқа отырғызып алмайтынын біліп, тек бауырын ғана салып алып: «Қатын жолда, бала белде» депті. Қаншалықты қатігездік бомасын – ол рас енді.

Біз тек үш қызбыз үй ішінде, кейде мамама тағы неге тумадың деп сөйлеймін, әрине бір Алланың қолында! Сондықтан, бауырыңнан артық адам жоқ, жан бауырлар бір анадан шыққан, бір-бірін құрметтеп өту керек!
Мен үйдің үлкенімін, ол да жақсы екен үлкейген кезде. Ал сіз ше? Нешінші баласыз?! Қанша бауырыңыз бар? ” – деп бөлісті ол Instagram-дағы парақшасында.

Бұл орайда желі қолданушылары әншімен келісетіндерін жеткізген.

“”Өте дұрыс айтасыз! Бауырдан артық адам жоқ. Оны әке-шешемізден бірдей айырылғанда бұл дүниеде ағам екеуміз ғана қалғандай болдық. Сонда ойыма келгені, неге біз көпбалалы отбасынан емеспіз, бір-бірімізге сүйеу болар едік деп. Қазір Аллаға шүкір, өзімнің үш қызым бар, тағы да ұл болсын, қыз болсын, бөпеміздің болғанын қалаймын”, – дейді Динараның тыңдармандарының бірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау