Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан жертөледе тұратын астаналық екі бүлдіршінге сый жасап, оларды жылатты (видео)

Динара Сәтжан Жаңа жыл қарсаңында астаналық отбасыға сый жасады. Танымал тележүргізуші жертөледе тұратын жанұяға көмек көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Динара Сәтжан желтөледе тұратын астаналық екі бүлдіршінге сый жасап жылатты (видео)

Сәтжан қол ұшын созған отбасы үш адамнан тұрады. Жасмин мен Ділназ есімді қос қызды бүгінде әжесі тәрбиелеп отырған көрінеді. Аналары таңнан кешке дейін жұмыста болғандықтан, мектепте оқитын қыздар тамақтарын да өздері әзірлеп ішеді екен.

“Астанада мұқтаж отбасылар көп. Бірақ жертөледе тұратын балаларды көремін деп ойламаппын. Екі қыз осында екі жылдан бері тұрып жатыр. Аналары үнемі жұмыста, қыздар мектепке барады, тамақты жерде тұрған спираль пеште әзірлейді. Видеода ол көрінбейді, егер де жаңа Сейфуллин көшесінде жалға беретін пәтеріңіз болса, хабарласыңыз.

Әрине, әкімдік қайда қарап отыр деп шулауға болады. Бірақ мемлекеттік тұрғын үй кезегі бар, ал онда мыңдаған адам тұр”, – деген Динара көпшілікті мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырды.

“Әрине, қиын. Бірақ қандай жағдайдан да шығуға болады. Біз бұл отбасына киім, ақша, жұмыс тауып беріп, көмектесе аламыз. Біз болмасақ, кім көмектеседі? Біздің игі іс жасауға мүмкіндігіміз бар. Бірге атқарайық”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Ал белгілі тележұлдыздан мұндай сыйды күтпеген қыздар көздеріне жас алып, жылап қалды. Желі қолданушылары болса Сәтжанның әрекетіне риза болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Казалось бы мы живем в столице и на левом берегу все прекрасно, но есть люди, которые приехали в Астану за лучшей жизнью, в поисках работы и попали в сложную жизненную ситуацию. Маленькая зарплата и высокая аренда не позволяют многим семьям жить в комфортных условиях. Сегодня мы вместе с моими друзьями @sayatbatpenov и руководителем бренда «Агуша» @agulifekz Асель Сатеновой поздравили детей с Новым годом. Нуждающихся семей в Астане много. Но я никак не ожидала увидеть детей живущих в подвале. Две девочки живут так уже два года, мама постоянно на работе, они учатся в школе, сами готовят на полу на спиральной печи. (на видео их нет, если есть квартира в аренду на новой Сейфуллина, напишите) Можно конечно сейчас взвыть: куда смотрит акимат?! Но существует очередь на квартиру от государства и там стоят тысячи людей. Сложно, тяжело, но выход всегда есть. Мы можем помочь с Вами работой, вещами, деньгами. Кто, если не мы? У нас есть возможность совершать добрые дела. Давайте делать их вместе!

Публикация от 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау