Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан бизнеспен айналысатын мүгедек жігіттерді қолдауды сұрады

Танымал тележүргізуші, продюсер Динара Сатжан Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сал аурумен аурытын егіз жігіттерге қолдау көрсетуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Астанада жеке кәсіптерін ашқан Ильнар және Ильдар Айтняков ағайындылары жақында бас қаланың тұрғындарын еңбекқорлығымен сүйсіндіріп үлгерген. Егіздердің жұмысына тамсанғандардың қатарына Динара Сәтжан да қосылды.

“Ильдар мен Ильнар сияқты осындай дарынды жігіттер менің мотиваторларым. Шағымданбайды, наразылық та танытпайды. Үндемей, өздерінің шағын, бірақ қажетті кәсіптерін жүргізеді”, — деп жазды продюсер.

Егіз бауырлар Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне кәсіпті қалай бастағандарын айтып берген еді.

Ильнар Айтняков есімді азамат егізі Ильдармен бірге Астанадағы аудандардың бірінде компьютер мен ноутбукты жөндеумен айналысады. Сал ауруымен ауыратын оларды, өз істерінің хас шеберлері десек, артық айтқанымыз емес. 2017 жылы бауырымен Астанаға көшіп келген Ильнар, компьютер жөндеуді, бағдарламаларды орнатуды арнайы курстарға қатыспай-ақ өзі үйренген. Басқа мамандық бойынша білім алса да, ол тәуекелге бел буып бауырымен өз ісін ашудан еш тайынбаған.

“2017 жылдың наурыз айында Астанаға көшіп келіп, жақында ғана өзіміз компьютер және ноутбук жөндейтін қызмет көрсету орталығын аштық. Ноутбук пен компьютерге қатысты жөндеу жұмыстарының барлығын жасаймын деп айта алмаймын. Windows сынды бағдарламаларды орнатуды, компьютерлердің ішін “тазалауды”, бөліктерге бөліп, қайта жинауды білемін. Бірақ оның бұзылған бөлшегін ауыстыру сынды күрделі жөндеулерді әзірге істемеймін. Себебі, ондай қиын жұмыстарды жүргізу үшін жақсы жабдықтайтын құрал керек. Ал дәл қазіргі уақытта менің қолымда ондай техника жоқ”, — дейді ол.

Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын екі азаматтың жұмысы компьютерді жөндеумен шектелмейді. Ильнардың егізі Ильдар контексті жарнамаларды жасап, сайттарды дамытумен де айналысады. Ильнардың сөзінше, ол бәсекелестіктен мүлдем қорықпайды.

Егіздерге қолдау көрсету үшін 8 (747) 369 74 25 нөміріне хабарласыңыздар.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

 

Талқылау