Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан белінен ұстаған Рүстем Нұржігіттің қолын алып тастады (видео)

Белгілі әнші Рүстем Нұржігіт тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынды. Махаббат тақырыбындағы әніне бейнебаян түсірген әнші танымал тележүргізуші Динара Сәтжанмен бірге ғашықтардың рөлін сомдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Динара Сәтжан белінен ұстаған Рүстем Нұржігіттің қолын алып тастады (видео)

Сазды әндерімен халықтың жүрегіне жол тапқан Рүстем Нұржігіт ән сүйер қауымға кезекті туындысын ұсынды. Әнші «Өзің ғана» аталатын әнінің бейнебаянын таспалады.

Сезім мен махаббатты арқау еткен туындыда ғашықтардың рөлін әншінің өзі мен тележүргізуші Динара Сәтжан сомдады.

Беянебаян сюжеті бойынша Рүстем хореограф қызға ғашық болып қалып, одан би сабақтарын үйренеді. Артынша биге икемі жоқ жігіт бишінің белінен ұстай алады. Осы кезде Динара Рүстемнің қолын алып, арқасына қарай қойып, түзетті. Сондай-ақ, жас жігіт билеп жүріп ғашығының аяғын басып кетеді. Мұның бәрі Нұржігіттің жаңа туындысында көрініс тапқан.

Ал ән сүйер қауым Рүстемнің бейнебаянын жоғары бағалады.

«Өте нәзік ән мен бейнебаян», «Ерекше клип. Жанға жақын», «Жеңіл ән. Тамаша», – дейді желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау