Динара Сәтжан бақуатты досына қалыңдық іздеп жатыр (видео)
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бай досына қалыңдық іздеп жатыр. Оның айтуынша, Әлібек есімді жас жігіт “мінсіз күйеубала” деген атқа әбден лайық.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Құрметті, қыздар! Танысып қойыңыздар – Әлібек. Жас әрі ақылды, жан-жақты, бай, болашағы зор, адекватты жігіт өзіне қалыңдық іздеп жатыр. Біз қалыңдықты Instagram-нан іздеуді жөн көрдік”, – дейді Динара Сәтжан.
Әлібектің жары болуды қалайтын қыздар өзінің суретін жариялап, өзі туралы мәліметтер келтіруі тиіс. Нақтыласақ, аты-жөнін, жасын және немен айналысатынын атап өтуі қажет.
Ал тележүргізушінің досы Әлібек осы жылдың ішінде үйленуге уәде етті.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан ұлымен бірге Таиландта демалып жатыр (фото, видео)
Бағдат Сәмединова: Мені көңілдесінің көзінше ұрған күйеуімді кешіре алмадым
Жәния Джуринская Криштиану Роналдудың өзіне қызмет көрсеткенін айтып мақтанды (фото)
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)