Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дін жолындағы 1182 баланың ата-анасы сәбиіне екпе жасатпай жүр

Дін жолындағы 1182 баланың ата-анасы сәбиіне екпе жасатпай жүр. Олар туа бітті бірде-бір вакцина алмай, бас тарту арызын жазған. Ал облыста екпе жасатпағандардың жалпы саны 2 мыңға жуықтады.

ооо

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 2 мыңға жуық екпеден бас тартушы тіркелді. Оның 1 мыңнан астамы Ақтөбе қаласында, 290-ы Темір ауданы мен 200-ден астамы Мұғалжар ауданында тұрады. Сонымен қатар, Шалқар, Хромтау, Алға аудандарында да жыл өткен сайын вакцина жасатудан бас тартушылар саны артып барады. Олардың көбі дін жолындағы адамдар”,- дейді облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 1182 балаға бірде-бір екпе жасалмаған екен.

“Вакцинацияны уақытылы жүргізу нәтижесінде өңірде аурушаңдық бәсеңдеп, бірнеше жыл қатарынан қызамық, көкжөтел, туляремия, сібір жарасы, оба және басқа да жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Алайда соңғы уақытта діни және басқа да себептерге байланысты балаларына екпе жасатудан бас тартушы ана-аналар саны артып барады. Санитар-эпидемиолог мамандар олармен сөйлесіп, үнемі сауықтыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кейбір ата-ана бір екпені жасатып, өзгелерінен бас тартып жатады. Бұл да қауіпті. Бас тарту жағдайы тыйылмаса, инфекцияның дүмпу жағдайына әкелуі мүмкін”,- дейді Н.Беркімбаева.
 

Талқылау