Дін жолындағы 1182 баланың ата-анасы сәбиіне екпе жасатпай жүр

Сенбі, 16 Шілде , 2016 20:14

Дін жолындағы 1182 баланың ата-анасы сәбиіне екпе жасатпай жүр. Олар туа бітті бірде-бір вакцина алмай, бас тарту арызын жазған. Ал облыста екпе жасатпағандардың жалпы саны 2 мыңға жуықтады.

ооо

Сурет img.7ya.ru

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 2 мыңға жуық екпеден бас тартушы тіркелді. Оның 1 мыңнан астамы Ақтөбе қаласында, 290-ы Темір ауданы мен 200-ден астамы Мұғалжар ауданында тұрады. Сонымен қатар, Шалқар, Хромтау, Алға аудандарында да жыл өткен сайын вакцина жасатудан бас тартушылар саны артып барады. Олардың көбі дін жолындағы адамдар”,- дейді облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 1182 балаға бірде-бір екпе жасалмаған екен.

“Вакцинацияны уақытылы жүргізу нәтижесінде өңірде аурушаңдық бәсеңдеп, бірнеше жыл қатарынан қызамық, көкжөтел, туляремия, сібір жарасы, оба және басқа да жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Алайда соңғы уақытта діни және басқа да себептерге байланысты балаларына екпе жасатудан бас тартушы ана-аналар саны артып барады. Санитар-эпидемиолог мамандар олармен сөйлесіп, үнемі сауықтыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кейбір ата-ана бір екпені жасатып, өзгелерінен бас тартып жатады. Бұл да қауіпті. Бас тарту жағдайы тыйылмаса, инфекцияның дүмпу жағдайына әкелуі мүмкін”,- дейді Н.Беркімбаева.
ф

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Ана says:

    Қазақ сизге косыламын. Бул жерде динин катысы жок. Намаз окымайтын семияларды таныймын уй ишимен екпеге карсы. сол екпелериниз сап-сау баланы ауру болып калган адамдарда бар. неге соны аитпайсыздар. Теледидар болсын баскасы болсын ешкандай кепилдик берип жатырган жок. бир танысым бар сол семия тугалы алмаган баласы нан жигит болды керисинше биз кезинде билмегенен алган балдарымыз кыс болса грип болып шыга келеди. шынымен алмаган дурыс сиякты. 4балам бар барине екпе салгыздым керисинше кыс болса ауырып шыга келеди. Кейде ойлаймын алмаган дурыс шыгар деп. Намазды буган араластырман менде намаз окимын бирак балдарыма екпе алдык. барибир аурушан оган карамайды.

  • Қазақ says:

    Діннің бұған ешқандай қатысы жоқ,дінде жоқ адамдарда екпе алмай жатырғо,неге именно намаз оқитындар деп айтасыздар???Күнде теледидардан,интернеттен зияны туралы,қанша баланың екпе алғаннан кейін ауруға ұшырағанын көре тұра,қалайша алдырсын.Екпе салғаннан кейін балама бірдеме болса жауап береме,əрине “жоқ”ата-анасы қиналып,сол баланы емдетем деп қаражат іздейді,күні-түні ұйқысынан айрылады.Туберкулезге қарсы т.б деп сала береді,соны алған адам туб.бен ауырып жатырғо,екпесі қорғайтын болса қорғамайма???

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар