Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың туған күніне орай қытайлық жанкүйерлері тағы да тосынсый жасады (видео)

Жанкүйерлері Димашты Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы 100-ден астам үлкен LED экрандар арқылы  құттықтап жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Димаштың туған күніне арнайы бейнеролик осы қалаларда күні бойы көрсетіледі.

«Өткен жылы да біз осындай шара өткізген едік, ол кезде тек Астана қаласындағы LED экрандар арқылы құттықтау жолдаған болатынбыз. Димашқа деген қытайлық жанкүйерлердің ықыласы күн сайын артып келеді. Мен де  Вейбо желісінде құрылған  жанкүйерлер тобының мүшесімін. Сондағы фанаттардың ұсынысымен биыл Қазақстанның үлкен 3 қаласында LED экрандармен келісіп, осындай шараны тағы да ұйымдастырып жатырмыз. Димашты туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!», – дейді Қытайдағы Димаштың жанкүйерлерімен желі арқылы байланыс орнатушы ЕҰУ-дың студенті Ақеділ Нұрболатұлы.

Тағы да оқыңыз:

Рианна мен Шакираға ән жазған композитордың Димашқа тарту еткен әнінің клипі шықты (видео)

“Мені көпшілік танымай, кеудемнен итеріп жатады” деген Зарина Омарова эфир кезінде жылап қалды

Қазақ қызы: Қазақ жігіттерге тұрмысқа шыққым келмейді, кәріс не араб азаматына күйеуге тисем деймін

Талқылау