Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың қытайлық жанкүйерлері “Абай жолын” жарыса оқып жатыр

Димаш Құдайбергеновтың жан досы Алпамыс Шәрімов әншінің соңғы жаңалықтарын бөлісті. Осы орайда, ол Димаштың қытайлық тыңдармандарының «Абай жолы» роман-эпопеясын жарыса оқып жатқандарын айтып қалды.

17494450_1290676247678329_2871498237980704768_n

Бұл туралы «Тағшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

– Келісім-шарттарды қалай іріктеп жатырсыздар? Бұл іспен кімдер айналыспақ?

– Димаштың өмірлік продюсері – Қанат аға. Әдетте әкесі екеуіміз отырып барлығын ақылдасамыз. Бүгінгі таңда Димашқа көптеген келісім-шарт келіп жатыр. Әсіресе, әлемдік бренд компаниялардан Димашқа көп ұсыныс түсті. Жарнаманың 30-40℅-ына түсіп үлгердік. Алдағы уақытта сіздер білетін бренд компаниялармен Димаш серіктестік қызмет атқаратын болады.

Қытай мемлекетінде телеарналармен қатар, интернеттік арналар кеңінен қолданыста. Сол арқылы рейтинг анықталады. Келген қонақтың қанша көрілім, лүпіл жинайтынын біліп отырады. Бүгінгі таңда Димаш көрілім жағынан рекорд орнатты. Шанхайда өткен шарада Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын насихаттады. Осыдан кейін Димаштың тыңдармандары «Абай жолының» қытай тіліндегі нұсқасын оқи бастады.

– Димаш қазір тәуліктің 24 сағатының 25 сағатында жұмыс істеуге мәжбүр болып жүр. Бұл оның физикалық денсаулығы мен рухани өміріне зиянын келтіріп жатқан жоқ па?

– Көп адам Димаштың мұншалық тығыз жұмыс кестесіне алаңдап жүр. Біріншіден, осылай тілек білдіріп отырған халқы мен өзге елдегі тыңдармандарына шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Димаштың ең бірінші жанашыры – ата-анасы. Қасында жан досы болып мен жүрмін. Десе де, мұның барлығын ата-анасы қадағалап отырады. Бір күнде үш қалада өнер көрсеткен күндері болды. Астанаға келмес бұрын Қытайдың алғашқы астанасында өнер көрсетті. Кейін кешкі мезгілді Бейжің сахнасында ән шырқады.


Жіберіп алмаңыз:

Азамат Сатыбалды киноға түсу үшін 10 күн бойы тек су ішкен

Астанадағы Димаштың концертінде төбелес болды

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Талқылау