Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың әні қосылғанда қозғалыссыз қалатын бүлдіршін желі жұлдызына айналды (видео)

Димаш Құдайбергеннің әні қосылған кезде орнында тапжылмай тұрып қалатын балақай желі қолданушыларын сүйсіндірді. Көптің қызығушылығын оятқан видеоны Димаштың өзі жариялады, деп жазады Stan.kz.

 Димаштың әні қосылғанда бір орында "қатып қалатын" бүлдіршін желі жұлдызына айналды (видео)

“Осы әнді қосқан кезде мені балам осындай күйге түседі. Бір орында тұрып қалады”, – дейді видео авторы ұлын көрсетіп.

Бейнежазбада 2-3 жас шамасындағы бүлдіршін Димаштың орындауындағы “Любовь уставших лебедей” туындысын тыңдаған.

Желі оқырмандары сәбидің қылығына тәнті болып, балаға жастай жоғары сапалы музыканы тыңдату дұрыс екенін айтты.

“Балаларда ерте жастан бастап жоғары талғам қалыптастыру керек. Сәби кезінде бойына нені сіңірсе, сондай болып өседі. Бүгінгі телеэкранда ән айтып, би билеп жүргендерге қарау мүмкін емес. Ал Димаш расымен де уникум. Ән орындаудағы тазалық пен мәдениеттілік жанды қозғамай қоймайды. Бала кезінен осындай деңгейге үйренген ұл кейін дауыссыз, сахнада секеңдеп жүргендерді ұната қоймас. Анасы, жарайсыз! Өте керемет таңдау. Балалар үшін тек қана үздіктің үздігі. Ал Димаштан мықты ешкім жоқ”, – деп тебірінесімен бөлісті желі қолданушыларының бірі.

“Қандай сүйкімді, Құдайым-ау. Осындай позитивті видеолар көрген қатты ұнайды. Мына баланың сенің әніңе деген реакциясы ешқандай да таңғалдырмайды. Себебі балалар бұл әлемді сезінеді, тиісінше, саған теріс көзбен қарай алмайды”, – дейді тағы бір тыңдарман.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Какой красивый малыш.Расти здоровым и большим ,сынок)))😘

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау