Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашты қолдаңыздар: Әлемнің үздік әншілері рейтингінде Димашқа қалай дауыс беру керек

Димаш Құдайберген әлемдегі ең әйгілі әншілермен таласқа түсуде. Отандасымыз барлық кезеңдердің ең мықты әншісі атанудан үмітті. Америкалық Ranker сайтында жүргізілетін рейтингке биыл Димаштың да есімі қосылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайберген

Facebook қолданушысы Қанат Бұқарбаев әлемнің үздік әншілерімен таласқа түсіп жатқан Димаш Құдайбергенді қолдауға шақырды. Димашқа мына сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге болатынын айта кетейік.

“Бұл тізімде ең мықты деген әншілер, Супер старлар, эстрадалық және опералық әншілер”, – дейді ол.

Айта кетейік, аталған сайт Лос-Анджелес қаласында құрылған. Мұнда әртүрлі сала өкілдерінің рейтингтері бар. Әртістердің, тауарлар мен қызметтердің танымалдылығын зерттейтін маркетинг мамандары осы рейтингке қарап сараптама жасайды. Ranker-ге айына 50 миллион адам кіреді.

Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын Димаш бұл рейтингте 6-шы орынға шыққан болатын. Ал бүгін Құдайбергенов үздік әншілер рейтингінде 35-ші орында тұр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау