БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаштың мәрттігіне тәнтімін: Данэлия Төлешова шоудағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Данэлия Төлешова The World's Best шоуында балалармен сайысудан бас тартқан Димаш Құдайбергенге деген ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол жобада жеңіске жеткен үндістандық жас талантты құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайберген - Данэлия Төлешова

"Димаштың мәрттігіне тәнтімін. Оның нағыз азаматқа лайық бұл қадамын бүкіл әлем дұрыс бағалайды деп үміттенемін. Әртістің өміріндегі ең басты дүние - шығармашылық екенін дәлелдедіңіз. Сахна мен халыққа деген махаббатпен ештеңе теңесе алмайды. Ол расында да солай. Кремльде өтетін концертіңізде кездесетін күнді тағатсыздана күтемін", - деп Димашқа деген ризашылығын білдірді Данэлия.

Бұдан бөлек, Төлешова америкалық жобадан мол тәжірибе жинағанын, көп дүниені ұғынғанын және өміріндегі тағы бір кезеңді артта қалдырғанын атап өтті. Данэлия шоуда жеңіске жеткен бақталасын құттықтады. 

"Керемет пианист әрі тамаша жанды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын", - деді ол. 

Айта кетейік, жеке әншілер арасында Димаш Құдайберген, Данэлия Төлешова мен үндістандық Лидиан Надхасварам финалға жолдама үшін таласқан еді. Алайда Димаш Құдайберген балаларға жол бергісі келетінін айтып, өз еркімен шоуға қатысудан бас тартты. Ақырында үндістандық жігіт Данэлиядан басым түсіп, жеңіске жетті. Ал Димаш жобадан кеткеніне қарамастан, көрерменнің ең көп даусын жинады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр