Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайберген "Жаңа толқын" байқауында шақырылған қонақ ретінде өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Сочиде өтетін "Жаңа толқын" байқауында өнер көрсетеді, деп жазады Stan.kz 

Әнші байқаудың бірінші күні 24 маусымда шақырылған қонақ ретінде ән салады. Димаш Құдайбергеннен бөлек сол күні сахнада Филипп Киркоров, Анна Нетребко, Юсив Айвазов, Maruv, Егор Крид, Ирина Аллегрова, Валерий Леонтьев, Дима Билан және тағы да басқа әншілер өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, әнші Минскте өтетін II Еуропалық ойындарында жаңа әнін шырқайды. Ашылу салтанаты 2019 жылдың 21 маусымында өтеді. Оның үстіне Димаш Құдайберген елордада 29 маусымда "Астана Аренада" өтетін концертіне дайындалып жатыр. 

Жақында халықтың сүйікті ұлы dimashinfo.com деп аталатын ресми веб-сайтын іске қосты. Талантты әншінің өмірі мен шығармашылығынан хабар беріп отыратын бұл жоба бұрыннан бері сұраныста жүрген болатын. Енді, сүйікті әншілеріңіз туралы нақты, тексерілген ақпараттарды алып отыруларыңызға болады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр