Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайберген тыңдармандарын “әулие Валентин” күнімен құттықтады

Димаш Құдайберген Испанияда түсіріп жатқан клипінің кадрларымен бөлісті. Әнші бейнебаяны жайлы азды-кем мәлімет беріп, тыңдармандарын “әулие Валентин” күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

 

Жаңа әнбаян Игорь Крутойдың “Любовь уставших лебедей” әніне таспалануда. Бұл жұмысқа танымал режиссер Алан Бадоев жетекшілік етіп жатыр. Ал бейнебаянда Димашпен бірге шетелдік қыз басты рөлді сомдайды.

“Құрметті достар, сіздерге “Любовь уставших лебедей” әніне түсіріліп жатқан әнбаянның суреттерін көрсетейін деп шештім. Аталған клиптің режиссері Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінгендей, видео фантастика жанрында түсіріліп жатыр. Әулие Валентин күні құтты болсын, менің қымбаттыларым. Сіздерді жақсы көремін”, – деп жазды Димаш желідегі парақшасында.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр