Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Беларусь халқының алдында анасын туған күнімен құттықтады (видео)

Витебскте өтіп жатқан "Славян базары – 2021" байқауының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген анасы Светлана Айтбаеваны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: Dimash News
Димаш көптеген елдерде жеке концертін беріп жүрсе де, бұл сахнада тұрғанда ерекше сезімге бөленетінін жеткізді. 

"Естеріңізде болса, осыдан тура 6 жыл бұрын осы жерден үлкен шығармашылық өмірге жолдама алдым. Cол үшін рұқсат берсеңіздер, бір минут уақыттарыңызды алайын. Келесі әнімді орындамас бұрын, мүмкіндікті пайдала отырып, араларыңызда ата-анамның отырғанын айтқым келеді. Бүгін – менің анамның туған күні!

Светлана Ермекқызы, орныңыздан тұрыңызшы! Қандай сұлу екеніңізді бәрі көрсінші. Барлық гүлдер, әлемнің бар тамашасы сізге арналады", – деді Димаш. 

Сондай-ақ Құдайбергенов анасының осыдан алты жыл бұрын дәл осы елде айтқан сөзін қайталауды өтініп, халықпен бірге өзі де ностальгияға бөленді.

"Сіздердің баршаңызға қазақ елінің атынан мың мәрте алғыс айтқым келеді", – деді Светлана Айтбаева.    

Өз кезегінде Беларусь жұрты Димашты қолдап, анасына барынша қошемет көрсетті.

Талқылау