Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақты Димаштың арқасында сүйдім": Украиналық әйел қазақстандықтарға осындай ұлды тәрбиелегені үшін алғыс айтты

Украиналық әйел Қазақстанға деген махаббатын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Украиналық Галина Вильвовская қазақ халқы туралы ойын айтты. Бұл жазба әлеуметтік желідегі парақшаларда тараған. Галина Вильвовская Қазақстанға деген махаббатын мойындады. Келіншектің сезімдерінің оянуына Димаш Құдайберген әсер еткен.

"Қымбаттыларым, кешіріңдер. Қазақстанға деген махаббатымды мойындағым келеді. Мені бұл сезімге жеткізген - Димаш Құдайберген. Өйткені, ол нағыз қазақ. Көзің тоймай қарай бересің, жүрегің мен ақылыңның бақыты сияқты", - деп жазды Галина Вильвовская.

Қазақтардың басқа ұлттың мәдениетіне құрметпен қарайтын, алайда өзінің түпкі өнерін ұмытпайтын, барын бағалайтын халық екенін ерекше атап өтті. Украиналық Галина Вильвовскаяға Димашқа деген халқының сүйіспеншілігі ерекше әсер ететін сыңайлы.

"Қазақтар оған мейірімдерін сыйлап, қаталдық таныту арқылы өсіріп келеді.  Ең бастысы нәзіктікпен қарайды", - дейді Галина Вильвовская.

Сонымен қатар, украиналық әйел осындай ұл тәрбиелеген қазақ халқына алғыс айтты. Оның пікірінше тек ұлы халықтан ғана осында ұлы адамдар шықпақ.

"Ұлын өзінің ұлттық құндылықтарымен өсіріп, әлемге Димаштай ұлы тұлғаны сыйлаған қазақ халқына қалай алғыс айтсақ та артық емес", - дейді ол.

Талқылау