Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов шетелде қиналғанда қасынан табылған досына алғыс айтты (фото)

Әнші үнемі қасынан табылып, шетелде сүйеніш болған Алпамыс досына алғыс айтты.

15875897_1080630615399965_1280542661056397312_n

Фото: instagram.com/asharimov/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Құдайбергенов соңғы бірнеше апта ішінде миллиондаған жанкүйер жинап үлгерді. Десе де, әнші жұлдыз ауруына шалдыға қоймағанын байқатып жатыр. Ол өзінің жан досы Алпамысқа алғыс айтты. Бүгінгі жеткен жетістігінің барлығы сол досының арқасы екенін тілге тиек етті.

16229473_757020411118241_3898887993238224896_n

“Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін,
Не көрсең бір көретін
Жан досын керек екен! –

Оны неге айттым дейсіздер ғой? Басынан бастап айтып берейін. Ең алғашында бұл байқауға бізді жобаның продюсері арнайы шақырған болатын. Алғашқы эфирге шықпастан бұрын жобаның бас продюсері талай келіссөздерге шақырып байқаудағы көрсететін өнерімді біраз ақылдасуымыз керектігін жеткізді. Жарты жылдай уакыт шет мемлекетте тіл білмей жүру қиынға соғатынын білген Алпамыс мені жалғыз тастамай еріп барды. Əр күніміз сағынышқа толы болса да бір-бірімізге жігер беріп отырдық. Қазіргі таңда менің көрсеткен өнерім ойдағыдай болып шыққаны менің жан досым Алпамыстың қасымда болып əрқашан мені қолдап демеп жүргенінің арқасында деп билемін. Өзі үйін сағынып туған елге қайтқысы келіп жүрсе де маған білдіртпей керісінше менің көңілімнің дұрыс болғаның қамтамасыз етіп жүр. Аллаға дəл осындай жан досым барына мың да бір шүкір . Бұл жеңіске мені жеткізген менің жан досым Алпамыс!” – дейді Димаш Құдайбергенов.

16123127_1505144819526439_944354924890685440_n

Әншінің дәл осындай қарапайымдылығына желі қолданушылары қайран қалды. “Достықтарыңа шүбә жоқ! Қарым-қатынастарың берік болсын! Барлық нәрсе қажырлы еңбекпен келетінін білеміз. Сен қиналғанда қасыңнан табылған Алпамыс мырзаға ризамыз! Алда тек жеңістер көп болсын!”, “Керемет!”, “Құдай тіл-көзден аман қылсын сіздерді. Димашжан, тек қана алға!”, “Әрине, доссыз өмір бос қой. Достықтарың мәңгі болсын”, “Димаш айналайын, достарың көп болсын! Барлығы өзің секілді адал болсын. Тараздан жалынды сәлем” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайдың алпауыт компаниясы Димаш Құдайбергеновке арнап смартфон шығарды (фото)

Тыңдармандары Жанар Дұғаловаға модель болуға кеңес берді (видео)

Әли Оқапов анасына ән жазып берді (фото)

Димаштың ата-анасы балаларының қалай “қытайлық ғажайыпқа” айналғанын айтты

 

Талқылау