Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов Қытайдың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты (фото)

Аспан асты елінде өтіп жатқан ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенов сол елдегі “Куай Лы Да бін иен” (біздің «Түнгі студия») бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды Stan.kz.

димаш0908070

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды.

Ерекше дауысты қазақ баласы аталған бағдарламада қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың әнін шырқады. Одан бөлек, әлемге әйгілі Селин Дионның “All by myself” әні мен қытайдың «Жаңа күн» әнін орындады.

димаш китай_2

«Қайырлы кеш, Достар! Бүгін Қытай телеарнасының ең беделді кешкілік әзіл шоуы “Куай Лы Да бін иен” түсінікті болу үшін «Қытайдың түнгі студиясы» мені қонаққа шақырды. Селин Дионның “All by myself” әнің көпшілікке арнап, қытайдың “Жаңа күн” әнімен ән теxникасын көрсетіп, Бибігүл Төлегенова апамыздың “Бұлбұлын» шырқап бердім. Қытайдың ең танымал жүргізушілеріне қазақ тілін үйреттім! Бір әзілдесіп, бір күліп, бір марқайып қайттық!» – дейді Димаш.

Аталған бағдарламада кезінде Дэвид Бэкxам, Бу И Пон, Шиен Баттие сынды әлемге әйгілі жұлдыздар қонақ болған.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың Қытайда өтіп жатқан танымал әншілер өзара бақ сынайтын “I am Singer (Мен әншімін)” байқауына қатысып жатқанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызы “Әлем аруы” байқауында су киімімен жүріп өтті (фото)

Жұрт карикатура үшін соттаспақ болған Қыдырәлі Болмановтың шешімін масқаралады

Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бірігіп концерт бермек

Ыстанбұлда қол ұстасып жүрген Төреғалидің ата-анасы желі оқырмандарын қызықтырды (видео)

Талқылау