Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов Францияға не үшін барды?

Отандасымыз жуырда Парижге барып қайтты. Желідегілер ол Лара Фабианмен бірге орындайтын әнді жаздырып жатыр деп болжады. Десе де, бұл ақпарат әлі ресми расталмады.

17127200_322476624817038_2410030081066926080_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Құдайбергенов әлеуметтік желі арқылы тағы да бір жаңалығын бөлісті. Ол жуырда Франция еліне барып келген екен. Алайда отандасымыздың  Парижге не себепті барғаны белгісіз. «Париждегі уақытым тез өтіп кетті. Көп кездесулер мен істердің басын қайырдық! Келесі кездескенше, Франция!.. Раxмет!» – дейді ол.

Әнші өзімен бірге жан досын да ерте барған екен. Алпамыс мырза да Парижде қандай іспен айналысқандарын жасырып қалды. Десе де жаңа жылда жаңалықтардың көп болатындығын сөз етті. «Парижде біз сияқты асығыс жүретіндер үшін “мото-такси” қызметі бар екен. Рейске үлгермей жатқан соң осы қызметпен 15 минутта қаладан әуежайға келдік. Адреналин керемет! Бір сөзбен айтқанда мәзбіз. Айтпақшы, біз Францияда не істеп жүрміз? Сәл шыдаңыздар, жақын арада бәрін де білетін боласыздар! Жаңа жылда жақсы жаңалықтар көп болсын!» – дейді ол.

17333227_1967294086831755_1931083382943383552_n

Инстаграмдағы парақшаларына қарап Димаштың Францияға ән жаздыруға барғанын білуге болады. Оның жан досы әйгілі Лаура Перголиццы мен Лара Фабианға көптеген ән жазып берген ақын-сазгермен бірге түскен суретін желіге жүктеген болатын. Яғни отандасымыз Лара Фабианмен бірге орындайтын дуэтіне дайындалып жатыр деп болжасақ та болады. Десе де, бұл ақпарат ресми расталмағандықтан, бір нәрсені дөп басып айту қиын.

17267439_1880630898820958_5316681638522912768_n

«Танисыздар ма? LP – Лаура Перголиццы – американың танымал әншісі. Рианна мен Кристина Агилера, Шер, Backstreet Boys-тердің 90% әндерінің авторлары. Жанды дауыста әлемнің танымал ареналарында көпшілік жинаған музыкалық тұлға. Селен Дионның “Ma faille”, Лара Фабианның “Love by grace” әндерін тыңдап көрсеңіздер, бұл жігіт сол әндердің авторы. Флабиен көптеген әлемдік xиттердің авторы. Көптен әлеуметтік желімен жақсы араласатын досыммен бүгін көрістік. Жақсы кездесу болды», – деп жазады Алпамыс Шәрім суреттердің тұсына.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш “I am singer” байқауында өзінің туындысын орындайтын болды

Әнуар Нүрпейісов жұртты шулатқан хабарды таратқан порталды сотқа бермек

Баян Есентаева: Әлсіз еркек әйелді кінәлайды

Қызы Баян Есентаеваның киімдерін киіп жүр (фото)

Талқылау